Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түсіме аян берді: Баян Алагөзова құпиясын ашты (ВИДЕО)

12:25, 15 қазан 2024 717

Баян Алагөзова қызын не себепті Алма деп атағаны туралы тұңғышы Айсәуле Бақытбекке берген сұқбатында айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Белгілі продюсер Алма есімін таңдауына түсіндегі аян себепкер болғанын жеткізді. 

"Бесінші айға қарай мен Дәмелі деген есімге тоқтадым. Маған қатты ұнайды. Жолдасым да қарсы болмады. Бірақ іштей бір нәрсе жібермей тұрды. Шынымен де әдемі ат. Бірақ тартпай тұрды. Мен қалаған есімдердің ішінен осы ат келіңкіреп тұрғандай болды. Сосын Тұрсын "Қоя тұрайық, бұл қыздың есімі өзі уақытымен келер" деді. Сосын Алманың дүниеге келуіне үш ай қалғанда мен бір түс көремін. Түсімде маған нақты бір сөйлем айтылады. "Екінші қызыңа Алма есімін бер" деп аян берді. "Сендер оны Алмуша деп атасаңдар, батыста ол Альма болады" деп айтты. Бір түсімде осындай бір сөйлем болды. Оянып, бірден жолдасыма қызымызға Алма есімін беретінімізді айттым. Филиппиндік бала күтушіміз расымен Алма деп айта алмайды. Ол Альма деп атайды", - деді продюсер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар