Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 107 жасқа қараған шағында дүние салды (ФОТО)

Қаралы хабар: Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 107 жасқа қараған шағында дүние салды (ФОТО)

Отандық телевизия саласының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 107 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz.  

Аңыз тұлға 1958 жылдың 8 наурызында алғашқы телеэфирді «Кеш жарық!» деген сөзбен ашып, көгілдір экран арқылы ана тілімізде тұңғыш рет тіл қатқан диктор ретінде ел тарихында қалды.  

Зұлқия Жұматова 12 жыл бойы көрермендерге жаңалықтар мен түрлі бағдарламаларды жүргізіп, отандық дикторлық мектептің негізін қалады. Кәсіби қызметі барысында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтен сұхбат алған, сондай-ақ балалар әдебиетіне де қалам тербеп, балғындарға арналған өлеңдер мен ертегілер жазған.  

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар