Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевпен кездесіп, ведомствоның жұмысына қатысты есеп тыңдады, деп жазады Alash.kz
Кездесу барысында ҰҚК басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жоспарларды таныстырды.
Атап айтқанда, Президентке терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, есірткі саудасының жолын кесу және ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес, киберқауіпсіздікті күшейту және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма беріп, ведомство жұмысының басым бағыттарын айқындады.