Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Психологиялық амандығы басты назарда" - Өскеменде қызын сүйген әкенің ісі комиссияда қаралады

"Психологиялық амандығы басты назарда" - Өскеменде қызын сүйген әкенің ісі комиссияда қаралады
Өскеменде ер адамның 12 жастағы қызын ернінен сүйген видеосына қатысты тексеріс аяқталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері айтты, деп жазады Alash.kz

Ресми мәліметке сәйкес, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қалалық комиссияның қарауына жолданды.

"Бұл дерек полицияда тіркелді. Тексеріс қорытындысы бойынша жиналған материалдар Өскемен қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияқарауына жіберілді", - деп хабарлады мекеме.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі де жағдайға қатысты пікір білдірді. Олар сала мамандары оқиғаның мән-жайын зерттеп, отбасына қажетті қолдау көрсеткенін атап өтті.

"Бала сабаққа қатысып жүр, оның мүдделері мен психологиялық амандығы басты назарда", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 12 жастағы қызын туған күнімен құттықтаған әкенің әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт арасында үлкен резонанс тудырған болатын. 

Бейнежазбада ер адамның үйінде қызын мерекелік тортпен қарсы алып, туған күнімен құттықтағаны көрінеді. Алайда көпшіліктің назарын аудартқан сәт – әкесінің қызын бірнеше секунд бойы ернінен сүюі.

Жазба тарағаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас басталды. Бірі мұндай әрекетті орынсыз деп бағаласа, енді бірі әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа сырт көзбен баға беруге болмайтынын алға тартты.

Бұл видео Threads желісінде наразылық пен жағымсыз пікірлер толқынын тудырды. Көптеген қолданушы әкенің мұндай әрекетін орынсыз деп санап, жағдайды тексеруді талап етті.

Полиция аталған дерек тіркеліп, тергеуге білім басқармасы мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тартылғанын хабарлаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар