Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда журналист Вадим Борейкоға қатысты сот шешімі шықты

Алматыда журналист Вадим Борейкоға қатысты сот шешімі шықты

Алматыныңи Бостандық аудандық сотының судьясы Айдар Өтебеков «Etude-Ybyrai» ЖШС-нің журналистке қарсы талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Алматыда өткен сот отырысында журналистке 43 миллион теңге төлеуге және жариялаған ақпаратын теріске шығаруға міндеттеді, деп жазады Alash.KZ.

Еске салайық, құрылыс компаниясы «Etude-Ybyrai» журналистің үстінен іскерлік беделіне нұқсан келтірді және миллиондаған теңге көлемінде шығын келтірді деп сотқа шағым түсірген. Іс Бостандық аудандық сотында қаралды.

Бұған дейін сотта журналистің материалдарындағы нақты қандай сөздер компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені және тұрғын үй кешенінің құрылысы сол кезде заңды болған-болмағаны талқыланған.

Сот отырысында Вадим Борейко компанияның өзімен «есеп айырысқысы келетінін» айтқан. Ал үшінші тарап ретінде іске қатысқан Everest Development ірі құрылыс компаниясының өкілі заңсыз құрылыс туралы ақпаратты іскерлік беделге нұқсан келтіретін мәлімет деп бағалаған.

Іс бойынша сот процесі филологиялық және экономикалық сараптамалар жүргізілуіне байланысты бірнеше айға тоқтатылған еді. Журналистің адвокаттары сараптама қорытындыларымен келіспеген. Кейін сот процесі қайта жалғасқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар