Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әлем үздігі!»: Бибісара Асаубаева туралы қуанышты жаңалық тарады

«Әлем үздігі!»: Бибісара Асаубаева туралы қуанышты жаңалық тарады

Қазақстандық танымал шахматшы Бибисара Асаубаева Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot турнирінің алғашқы екі ойын күніндегі сәтті өнерінің нәтижесінде әлемдік әйелдер live-рейтингінде төртінші сатыға көтерілді, деп хабарлайды Alash.kz.

ChessBase басылымының дерегіне сүйенсек, жарыстың топтық кезеңіндегі алғашқы төрт партияның қорытындысы бойынша отандасымыз өз қоржынына 11,4 рейтингтік ұпай қосқан. Тартысты бәсекелер барысында Бибисара Асаубаева америкалық гроссмейстер Уэсли Сомен екі партияда да тең нәтижеге қол жеткізсе, кейін үндістандық мықты қарсыласы Арджун Эригайсимен өзара жеңістер алмасқан. Әсіресе, шахмат сарапшылары қазақстандық спортшының қара фигуралармен ойнай отырып, староиндиялық қорғаныс тәсілінде қол жеткізген айқын жеңісіне ерекше назар аударып отыр.

Айта кету керек, live-рейтинг жарыс барысындағы көрсеткіштердің өзгерісін нақты уақыт режимінде бейнелейді. Сондықтан қол жеткізілген төртінші орын турнирдің түпкілікті қорытындысы немесе Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми айлық рейтингі болып есептелмейді.

Еске сала кетейік, Бибисара Асаубаева биылғы жылдың тамыз айында да халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Сол кезде ол Францияның Сен-Тропе қаласында ұйымдастырылған WR Women’s Chess Tour 2026 супертурнирінің еуропалық кезеңінде рапид бағдарламасы бойынша чемпион атанған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар