Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үшінші АЭС Қостанай маңында салынады

Үшінші АЭС Қостанай маңында салынады

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, үшінші АЭС Тобыл өзенінің жағасына салынуы мүмкін, деп жазады Alash.kz. 

"Бұл аумақ станцияны реакторларды салқындатуға қажет сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір мамандар болашақ атом электр станцияларын салуға болатын бірнеше аумақты зерттеп жатыр. Олардың қатарында Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы, елдің батысындағы Каспий теңізінің жағалауы және солтүстіктегі Тобыл өзенінің маңы бар", - деді Сәтқалиев.

Балқаш жағалауында Үлкенде атомшылар қалашығы салынады

Қалашық 33 мың адамға арнап салынбақ. Елді мекен АЭС құрылысы аясында дамытылады. Мұнда тұрғын үйлер, мектеп, аурухана, қонақ үйлер, қызмет көрсету және бизнес нысандары, мамандар даярлайтын оқу орталықтары салынады.

АЭС құрылысының қызған шағында 15 мыңға дейін жұмысшы қажет болады. Оларға қызмет көрсететін шамамен 2 мың маман даярлау жоспарланған. Кадрлар Қазақстанда, Қытай мен Ресейдің оқу орындарында оқытылады.

Сонымен қатар атом саласының болашақ мамандарына "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде магистратура мен докторантурада білім алуға, тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар