Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сүйемін деші»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

«Сүйемін деші»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев продюсерлік еткен «Сүйемін деші» атты жаңа отандық көркем фильм көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды Alash.kz.

Картинаның шығармашылық тобының мәліметінше, туындының желісінде махаббат пен сағыныш, жеңіл әзіл мен күтпеген тосын оқиғалар өзара ұштасады. Фильмге 16 жастан асқан көрермендерге арналған жас шектеуі белгіленген.

Жобаның өндірістік құрамында бірқатар отандық мамандар еңбек етті. Картинаның бас продюсері міндетін Хайрол Мархаба атқарса, Дархан Мұсаев жобаға Олжас Рахымғазымен бірлесіп продюсер ретінде жетекшілік еткен. Фильмнің қоюшы режиссері — Ардақ Бәлтаев. Ол сондай-ақ Олжас Рахымғазы және Нұрсұлтан Тұрсыновпен бірге туындының сценарийін жазып шыққан. Бұдан бөлек, картинаның қоюшы операторы ретінде Мейірлан Ашеков жұмыс істесе, музыкалық сүйемелдеуін композитор Ербол Нариманұлы жазған.

Жаңа фильмнің актерлік құрамында танымал өнер иелері мен жас әртістер бар. Атап айтқанда, басты рөлдерді Тұңғышбай Жаманқұлов, Ақниет Орынтай, Әмірхан Оразбақ, Эльмира Қалбай, Қуандық Жүнісов, Әшім Ахмет және Құндыз Уәлиханқызы сомдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар