Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүргізуші қайтыс болды»: Теміртауда 15 жолаушысы бар автобус ағашқа соғылды

«Жүргізуші қайтыс болды»: Теміртауда 15 жолаушысы бар автобус ағашқа соғылды

Теміртау қаласында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік ағашқа соғылып, салдарынан көлік тізгінінде отырған 64 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 қараша күні таңғы сағат 10:30 шамасында орын алған. Алдын ала болжам бойынша, Yutong маркалы автобусты басқарып келе жатқан жүргізушінің жол үстінде денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Басқарусыз қалған қоғамдық көлік қозғалысын жалғастырып барып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

 «Ағымдағы жылдың 14 қарашасында сағат 10.30 шамасында Теміртау қаласында Yutong маркалы жолаушылар автобусы ағашқа соғылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізушінің жағдайы нашарлап, содан кейін есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус қозғалысын жалғастырып, ағашқа соғылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға сәтінде автобус салонында 15-ке жуық жолаушы болған. Абырой болғанда, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті:

 «Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп толықтырды ведомство өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар