Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұрсынбек бармағын шайнасын": Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

14:13, 09 желтоқсан 2025

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын сүйіншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесі жас орындаушымен бірге жаңа ән жаздырғанын қуана жеткізді.

"Қолдап жатқандарыңызды көріп, жаңа әніміздің осы нұсқасымен де бөліскім кеп кетті. Жақсы көремін сіздерді, туысымдай болып кеткен, алтын оқырмандарым", - деді Мөлдір Мұқан. 

Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа  туындысын бағалап, жылы сөздерін жаудырды.

"Мөлдір арықташы. Тұрсынбек бармағын шайнасын. Түрің бар, бала-шағаң бар, жұмысың бар. Енді мүсініңді ретке келтіріп, әйелдік энергияңды көтерші. Біз сені қолдаймыз", "Әндеріңіз супер", "Мөлдір Тұрсынбекті жоғалтқан жоқ, керісінше Тұрсынбек Мөлдірді жоғалтты. Мөлдір енді әр еркектің арманы болатын болды", "Мөлдір, сұлусың. Міне, осылай болуы керек", деп жазды желі қолданушылары.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар