Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түнгі клуб жанындағы мас имам: Қостанайдың бас имамы қамауға алынды

10:33, 25 шілде 2024 2677

Қостанайдың бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен жанында масаң күйде көлігін айдап бара жатқанда ұсталған.

Оқиға 23 шілдеде болған. Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесі «Регион 03» клубтың қасында Toyota Highlander автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдіктерді ішпегенін, тек қана қымыз ішкенін көрсеткен. Бірақ сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Тәжімбет сыра іштім деп жауап берген.

Бір айта кетерлігі, ҚМДБ, яғни мүфтият өзінің ресми сайтында осы бас имам туралы ақпаратты жедел өшіріп тастаған.

”Атап айтқанда мүфтияттың бұл аяқ астынан жанталасқан арсыз тірлігі ертең бұндай имам ҚМДБ жүйесінде қызмет етпейді немесе имамдық жұмыстан әлдеқашан босатылған деп айту үшін ғана жасалған екіжүзді пасық іс-әрекет деп білемін. Өз басым осы сорақылықтардың бәріне діннің атын жамылып,өтірік моралист сияқты боп көрінетін клерикал имамдардың төрағасы,бас мүфти Наурызбай Өтпенов тікелей жауапты деп есептеймін”, – деді редакцияға хабарласқан.

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 1983 жылы 17-мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жаңақорған ауданындағы № 125 С. Сапарбеков атындағы қазақ орта мектебінде, Түркістан қаласындағы «Хасан Оралтай» атындағы медресесінде, Шымкент қаласындағы «Қамар» атындағы медресесінде, Алматы қаласындағы «Таугүл» медресесінде тәлім алған. 2005-2006 жылдары Ыстамбұл қаласындағы «Ыстамбұл муфтиятында» білім алған.

2015 жылдың қараша айының 12-нен бастап, Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Үйленген, екі баланың әкесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар