Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады

Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады

Астанада мемлекеттік балабақшаға баратын кішкентай қыздың туыстары педагог-ассистент оны бірнеше рет ұрып-соққанын айтты, деп жазады Alash.kz.

Баланың әпкесінің айтуынша, мұндай жағдай бірнеше ай бұрын да болған.

Ал соңғы оқиғадан кейін бүлдіршіннің мойнында тырналғанға ұқсас іздер қалған.

Туысының айтуынша, педагог-ассистент бала қашып кетуге тырысқанда «қолым абайсызда тиіп кетті» деп ақталған.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатқанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар