Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз Бекет Қуандыққа «Ерлігі үшін» медалімен ресми түрде табысталды (ФОТО)

Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз Бекет Қуандыққа «Ерлігі үшін» медалімен ресми түрде табысталды (ФОТО)

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов өңір тумасы, жас жауынгер Бекет Қуандыққа Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалін ресми түрде табыстады, деп хабарлайды Alash.kz.

Атыраулық сарбаз бұған дейін Каспий теңізінде орын алған қайғылы төтенше жағдай кезінде ажалдан аман қалған болатын. Ел Президенті жауынгердің сол сәттегі қайсарлығы мен табандылығын жоғары бағалап, арнайы наградамен марапаттау туралы шешім қабылдаған.

Салтанатты шара аяқталған соң Бекет Қуандық өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында рәсім кезінде түсірілген фотосуреттерді оқырмандарына ұсынды. Сонымен қатар ол теңіз апатында өмірден өткен қызметтес достарын еске алып, оларға деген құрметін тебіреніспен жеткізді:

 «Теңізден аман оралған күн — өмірімдегі ең ұмытылмас сәттердің бірі. Бұл марапат — үнсіз қалған ерліктің белгісі. Жатқан жерлері жарық болсын, қаруластарым!», — деп жазды жас сарбаз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар