Таразда Қарасу ауданындағы көпқабатты үй маңында газ жарылысы болды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
@taraznews.kz парақшасынан байқағанымыздай, оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, жер астындағы газ құбыры жарылған.
Жарылыс 5-ші шағынаудандағы №26 үйдің жанында болды. Оқиға орнында бес құтқарушы, екі техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.