Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған". Ақмола облысында Есіл өзеніне секірген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

12:00, 01 тамыз 2026

Ақмола облысында Есіл өзеніне секіріп, қаза тапқан 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Қайғылы оқиға 30 шілде күні Есіл ауданына қарасты Қалашы ауылының маңында болған, деп жазды  Alash.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны биік жардан өзенге секірген. Алдын ала болжам бойынша, суға түскен сәтте ол басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған. Кейін денесін өзен ағысы алып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстары оқиға болған күні басталған. Алайда өзендегі қатты ағыс сүңгуірлердің жұмысына қиындық туғызған.

Марқұмның денесі бүгін суға кеткен жерден шамамен 200–250 метр төмен тұстан табылып, жағаға шығарылды.

ТЖД мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері Ақмола облысының су айдындарында 26 адам көз жұмған.

Мамандар азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар