Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен велокурьер ұсталды

09:00, 01 тамыз 2026

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан кеткен электрвелосипед жүргізушісі анықталды, деп жазды Alash.kz.

Ақтөбеде 12 жастағы қызды электрвелосипедпен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды. Бұл туралы полиция хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 шілде күні Әбілқайыр хан даңғылында болған. Электрвелосипед жүргізушісі велосипедпен келе жатқан 12 жастағы қызды қағып кеткен.

Полицияның хабарлауынша, жүргізуші зардап шеккен балаға қажетті көмек көрсетпей, оқиға орнын тастап кеткен. Салдарынан кәмелетке толмаған қыз түрлі дене жарақатын алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 58 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шыққан.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Еске салайық, бұған дейін дәрігерлер зардап шеккен қыздың жоғарғы жақ сүйегі мен бет сүйегі сынғанын, сондай-ақ алдыңғы тістерінің түсіп қалғанын хабарлаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар