Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек» – Президент

«Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Alash.kz.

Президент:

«Қайталап айтамын: ешкім де заңнан биік емес.

Бұл талап, әсіресе, «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қатаң сақталуы қажет. Осы мәселемен айналысатын арнайы комиссия өз жұмысын бастайды.

Мына нәрсені әрдайым қаперде ұстаған жөн. Кім қылмыс жасайды, сол міндетті түрде жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады.

Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз.

Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек.

Әрине, біз азаматтардың елге сіңірген еңбегін жоққа шығармаймыз. Бірақ кешегі жетістігін бұлдап, арқаны кеңге салып жүруге кімнің болса да, хақы жоқ.

Мен үшін адамның шыққан тегі, лауазымы емес, нағыз іскер болғаны маңызды.

Жалпы, іскерлік – мемлекеттік билік жүйесіне ғана емес, барлық салаға қажет дағды».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар