Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2027 жылы өтетін алдағы сайлауда ұйым президенті лауазымына үш үміткердің есімін ресми түрде жариялады, деп жазады Alash.kz.
FIFA-ның ресми сайтында өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұйымға ұлттық футбол қауымдастықтары ұсынған үш кандидатура келіп түскені көрсетілген.
Олар FIFA -ның қазіргі президенті Джанни Инфантино, Франция футбол федерациясының басшысы Филипп Диалло және Жапония футбол қауымдастығының құрметті президенті Кодзо Тасима.