Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері»: «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысы марапатталды (ВИДЕО)

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері»: «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысы марапатталды (ВИДЕО)

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Салтанатты марапаттау рәсімі Т. С. Сегізбаев атындағы академияда ұйымдастырылып, ойыншыларға құрметті атақты «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, клубтың бас директоры Асқар Есімов, сондай-ақ отандық футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талгаев табыстады. Жоғары спорттық атаққа Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабулат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш және Рамазан Бағдат лайық деп танылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта өз клубының сапында жүрген Дастан Сәтпаевқа да осындай мәртебелі атақ берілді.

Ресми марапаттау шарасынан соң футболшылар академияның жас тәрбиеленушілерімен жүздесіп, жеткіншектерге өздерінің ақыл-кеңестерін жеткізді және алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар