Алтаир Қожахметов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Алтаир Қожахметов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры болып тағайындалды», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Еңбек жолын Санкт-Петербургте оркестр әртісі болып бастаған. Әр жылдары «Классика» симфониялық оркестрінде және Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық капелласында жұмыс істеді.
Кейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің әртісі және филармонияның бас әкімшісі қызметтерін атқарды.
2024 жылдан бастап Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының шығармашылық қызмет жөніндегі орынбасары болды. 2025-2026 жылдары осы ұйым директорының міндетін атқарды.