Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аллаға шүкір! Құттықтап қойыңыздар»: Толқын Забирова қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

«Аллаға шүкір! Құттықтап қойыңыздар»: Толқын Забирова қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

Әнші Толқын Забирова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі ұлының шаңырақ көтергенін айтып, желідегі парақшасында неке қию рәсімінен бейнежазба жариялады.

Сондай-ақ ол көпшілікке құдалары мен болашақ келінін таныстырды.

«Достар, мені құттықтап қойыңыздар! Бұл – менің құдағиым, аты Зәуре. Қазір құдамыз келеді, күтіп тұрмыз. Мінеки, осындай бақытты күнге жетіп отырмыз. Аллаға мың шүкір. Мен бақыттымын», - деді өнер иесі.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, әншінің қуанышына ортақтасып жатыр.

«Ене мен келін қатты ұқсайды, бақытты болсын», «Жастар бақытты болсын», «Артық шусыз, қандай керемет көрініс», «Келiннiң аяғы құт, берекелі болсын отбасыңызға. Мыңжылдық құдалар құтты болсын, жастар бақытты болсын!», – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар