Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«2 алтын, 1 күміс»: Таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияда топ жарды

«2 алтын, 1 күміс»: Таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияда топ жарды

Таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватия астанасы Загреб қаласында ұйымдастырылған халықаралық рейтингтік турнирде сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына екі алтын және бір күміс медаль салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Халықаралық доданың жеңіс тұғырына көтерілген отандық спортшы қыздар түрлі салмақ дәрежелері бойынша жоғары шеберлік танытты. Атап айтқанда, 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрай Амангелді мен 68 келіге дейінгі санатта бақ сынаған Балгерім Өтеген қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал аса ауыр, яғни 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сабина Тұртұлова финалдық кезеңге дейін жетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 1
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар