Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ол 18 жасында бізді Чемпиондар лигасынан шығарып жіберді»: Словакия бас бапкері Дастан Сәтпаевқа баға берді

«Ол 18 жасында бізді Чемпиондар лигасынан шығарып жіберді»: Словакия бас бапкері Дастан Сәтпаевқа баға берді

Словакия ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың ерекше талантына жоғары баға беріп, оның әлеуетін жоғары бағалады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл туралы маман бүгін Қазақстан мен Словакия құрамаларының «Астана Аренада» өткен кездесуі қарсаңында айтты.

Словакиялық бапкер қазақстандық ойыншының ерекше қабілеті мен оның жасөспірім шағындағы жарқын ойындарын атап өтіп, төмендегідей пікір білдірді:

«Сәтпаев өте талантты футболшылардың бірі. Оны 18-19 жасындағы Исламханмен салыстыруға болады. Ол өзінің 18 жасқа толған күні бізді Чемпиондар лигасынан шығарып жіберді. Мұны еске алғым келмейді, бірақ ол өте талантты футболшы», — деді бапкер.

Сондай-ақ Владимир Вайсс жас футболшының болашағына сәттілік тілеп, оның бірегей спортшы екенін ерекше атап өтті:

«Оған Англияда сәттілік тілеймін. Ең бастысы, жарақат алмасын. Оның ойынын көрдім. Мұндай футболшы 10-15 жылда бір рет қана дүниеге келуі мүмкін», — деп түйіндеді сөзін Владимир.

Еске салайық, осы маңызды матч аясында Қазақстан құрамасы бүгін «Астана Арена» стадионында Словакия құрамасын өз алаңында қабылдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар