Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Неге қарапайым халықтың әр теңгесі есептеледі?»: Руслан Өтепбай «Самұрық-Қазына» ісі туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Неге қарапайым халықтың әр теңгесі есептеледі?»: Руслан Өтепбай «Самұрық-Қазына» ісі туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Журналист Руслан Өтепбай елдегі ұлттық байлықты басқаратын «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына қатысты қозғалған жемқорлық күдігі мен бюджет қаржысының жұмсалуы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.  

Журналисттің айтуынша, еліміздегі стратегиялық қордың басшылығына қатысты туындаған сыбайлас жемқорлық күдігі қоғамда үлкен сұрақтар туғызып отыр:  

 «Самұрық-Қазына» — елдің ұлттық байлығын басқаратын қор. Ал оның басшылығына қатысты жемқорлық күдігі қоғамда үлкен сұрақ туғызды. Бір жағынан, бюджет қаржысын үнемдеу мәселесі көтеріліп, халықтың әлеуметтік шығындары қайта қаралуда. Екінші жағынан, миллиардтаған қаржының қалай жұмсалып жатқанына қатысты сұрақтар бар. Неге қарапайым халықтың әр теңгесі есептеледі де, ұлттық байлықтың жұмсалуына қатысты күмән туындайды?», — деп атап өтті автор.  

Сондай-ақ автор мемлекеттік қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін айтып, ел байлығы жеке меншік емес екенін жеткізді:  

«Бюджетті үнемдеу қажет! Бірақ мемлекеттік қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету де маңызды. Өйткені елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес, халықтың қазынасы!», — деді Руслан Өтепбай.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар