Экс-Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазір немен айналысып жүргенін айтты, деп жазады Alash.kz.
Саясаткер елордада Sham театрының қойылымына барып, актерлермен жүздесті. Спектакльден кейін өнер ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Осы кездесуде журналистер одан қазіргі уақытта қандай қызмет атқарып жүргенін сұрады.
Экс-спикер соңғы уақытта ел ішіндегі және шетелдегі түрлі іс-шараларға қатысып жүргенін айтты.
«Мен енді халықтың ішіндемін. Өздеріңіз көріп жатырсыздар, күнде іс-шараларға қатысып жатырмыз. Шетелге де барып, сол жақта шаралар өткізіп жатырмыз. Әрі қарай да елімізге, халқымызға бәріміз бірге еңбек етеміз деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев QogamNews-ке берген жауабында.