Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ел қоржынына алтын медаль салды»: Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды

«Ел қоржынына алтын медаль салды»: Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар