Әнші Сәкен Майғазиев досы Мақсат Базарбайды мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтап, желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі желідегі жазбасында досымен арадағы сыйластық пен достықтың қадірі туралы айтып, Мақсат Базарбайға ақжарма тілегін арнады.
«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Бірақ ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің қасымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын!
50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!» – деп жазды әнші.