Қазақстан ТЖМ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
Таиландтың Паттайя қаласында қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты аяқталды. Жарысқа 23 елден 240 спортшы қатысты.
Министрлік мәліметінше, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І орын иеленді.
Ұлттық құрама сапында ҚР ТЖМ BATYR TEAM спорт клубының өкілдері жоғары нәтиже көрсетіп, Азия чемпиондары атанды.
1 орын - Абдрашит Таиров — «Резерв» РМК филиалының өкілі, 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті;
1 орын - Арман Төлебай — Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Бұл жеңіс — Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберлігінің айқын дәлелі.