Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Менің тірегім, менің барым. Аманаттың жүгі ауыр»: Асанәлі Әшімовтің жары жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

«Менің тірегім, менің барым. Аманаттың жүгі ауыр»: Асанәлі Әшімовтің жары жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесінің жылдық асында сөйлеген сөзін жариялап, марқұмның артында қалған аманаты мен орындалмай кеткен арманы туралы жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бағдат Әшімованың айтуынша, Асанәлі Әшімов көзі тірісінде өз атындағы театрдың жеке ғимаратына қол жеткізуді аңсаған. Ол жарының осы асыл тілегі жүзеге асып, өнер ордасы өз алдына шаңырақ көтерсе деген үмітін білдірді:

«Асанәлі Әшімов атындағы театрдың өз алдына жеке ғимараты болып, актерлерінің бас қосар қасиетті сахнасы, өнердің өркен жайған ордасы болса деген арман-тілегі бар еді. Сол арман орындалып, шәкірттері өз шаңырағының астында өнер көрсетсе екен!» — деді Бағдат Әшімова.

Сонымен қатар ол өзі үшін марқұмның ұрпағы мен өзі тәрбиелеген шәкірттерінің, театр ұжымының орны айрықша екенін атап өтті. Бағдат Әшімова актерлердің шығармашылық жолын жалғап, бір шаңырақ астында өнер көрсетуін жарынан қалған басты аманат ретінде қабылдайтынын жеткізді:

«Менің оң қанатым, менің тірегім, менің барым – Асекеңнің ұрпағы. Сол қанатым – Асанәлі Әшімов театрының актерлері. Асекеңнің аманаты… Аманаттың жүгі ауыр. Артында қалған ізді жалғау – үлкен жауапкершілік», — деп түйіндеді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар