Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Он жыл күткен бақыт… Үміт үзілмесін»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

«Он жыл күткен бақыт… Үміт үзілмесін»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Танымал блогер, продюсер, әзілкеш Елдос Қадірханов пен жұбайы Таңшолпан ұлдары Әлімнің бір жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Әнші Қарақат Әбілдина жас отбасының қуанышына ортақтасып, әлеуметтік желідегі парақшасында ақ тілегін арнады.

Өнер иесі Елдос пен Таңшолпанның он жыл бойы сәби сүюді армандап, бір-біріне деген махаббаты мен сенімін жоғалтпай, сол бақытты күнге бірге жеткеніне сүйсінетінін жеткізді.

«Он жыл күткен бақыттың қадірі қандай қымбат десеңші! 

Елдос пен Таңшолпан – әлеуметтік желі арқылы көпшіліктің жүрегінен орын алған жарасымды жұп.

Мені ерекше сүйсіндіретіні – олардың он жыл бойы бір-біріне деген махаббаты мен сенімін жоғалтпай, сәби сүю бақытын бірге күте білгені.

Он жыл… Айтуға оңай! 

Қаншама үміт, қаншама дұға, қаншама сабыр! Бір-бірінің қолын жібермеген қос жүрекке Алла ақыры әлемге бергісіз перзент сыйлады. 

Құлыншақ ғұмырлы, тұғырлы болсын!

Керемет тойдың куәсі болдық. 

Той төріне өзінің сүйікті әнін орындап , Тараз қаласындағы мектебімнің шәкірттерімен кіргіздік.

Бұл жұптың өмірі бір ақиқатты дәлелдегендей: Шынайы махаббат сынақта сынбайды, ал үміт пен сенім жүректерді біріктіре түседі.

Елдос пен Таңшолпан қуаныштарың баянды болсын! Балапандарыңның қызығын бірге көріңдер!

Ал сәби күтіп жүрген әрбір шаңыраққа Алла осындай бақытты күнді нәсіп етсін!

Үміт үзілмесін! Махаббат сөнбесін! Бесіктер әнмен тербеле  берсін!», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар