АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден өзінің жаңа мемуарында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға сенбейтінін ашық мәлімдеп, оның Газа секторындағы соғысты жүргізу тәсілін сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.
«Маған уәде бер, Америка» (Promise Me, America) атты кітабында Байден Израиль үкіметінің басшысы мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесінен гөрі өзінің саяси билігін сақтап қалуды жоғары қойған деп есептейді. Сондай-ақ ол Нетаньяху фактілерді өз пайдасына бұрмалап, демократиялық институттарды жеке саяси мақсаттарына пайдалануы мүмкін деп алаңдағанын атап өткен.
Бұдан бөлек, АҚШ-тың экс-президенті Газа секторындағы әскери операцияның ауыр гуманитарлық салдарына тоқталып, қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындардың тым көп зардап шеккенін жазды:
«Тым көп жазықсыз палестиналық қаза тапты. ХАМАС-қа ешқандай қатысы жоқ адамдар тым көп азап шекті. Мұның бәрі менің жан дүниемде қалып қойды», — деп жазған АҚШ-тың бұрынғы президенті.