Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Семейде 11-сынып оқушысы биіктіктен құлап қаза тапты»: ІІМ қайғылы оқиға туралы не дейді? (ВИДЕО)

«Семейде 11-сынып оқушысы биіктіктен құлап қаза тапты»: ІІМ қайғылы оқиға туралы не дейді? (ВИДЕО)

Семей қаласында 11-сынып оқушысының көз жұмғанын Ішкі істер министрлігі ресми түрде растап, аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиғаға қатысты ақпаратты бүгін, 16 қарашада, Құрылтайда өткен брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков мәлімдеді. Оның сөзінше, жасөспірімнің өлімі полиция органдарында тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алдын ала деректерге сәйкес, 11-сыныпта оқыған оқушы биіктіктен құлап мерт болған. Желіде ата-анасының мектептегі оқу үлгерімі мен бағаларына байланысты балаға қысым көрсетуі мүмкін деген болжам тарағанымен, Ішкі істер министрлігі бұл нұсқаны әзірге растаған жоқ.

Осы жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балаларды отбасындағы қысым мен жәбірлеуден қорғау мәселесін көтерді. Министр бұл бағыттағы нақты тетіктерді Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі және ата-аналар қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп талқылауды ұсынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар