Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамында кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ресми құжатқа сәйкес, Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Президенттің тиісті Жарлығымен осы уақытқа дейін аталған ведомствоны басқарып келген Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды.