«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Ысқазиев денсаулық жағдайына байланысты 9 қарашадан бастап қызметінен босатылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Қазақстанның мұнай-газ кеңесі хабарлады.
Құрманғазы Ысқазиев бұл қызметке 2024 жылдың мамыр айында тағайындалған.
Құрманғазы Ысқазиев - Қазақстанның жетекші мұнайшы-геологтарының бірі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол мұнай-газ саласының дамуына 40 жылдан астам уақытын арнаған.
Еңбек жолын мұнай өндіру операторы болып бастаған маман кәсіби мансабында бірнеше басшылық қызмет атқарды. Атап айтқанда, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-ін басқарды.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.