Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Отандық өндірісті дамыту»: Бектенов Нәлібаевқа қандай міндет жүктеді

«Отандық өндірісті дамыту»: Бектенов Нәлібаевқа қандай міндет жүктеді

Олжас Бектенов «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға отандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру аясында отандық өндірісті дамыту мүмкіндіктеріне назар аударды. 

«”Халықтық құрылыс” бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асыру басталып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдіктермен, “Бәйтерек” холдингі және “Атамекен” ұлттық палатасымен бірлесіп, аталған бағдарламаға отандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз етсін», –   деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкіметтің мәліметінше, Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағытталатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру отандық өнеркәсіп саласы үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашатыны баса айтылды. Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындар негізгі құрылыс материалдары бойынша ішкі қажеттіліктің орта есеппен 73%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қолда бар өндірістік қуаттарды іске қосу және материалдар мен жабдықтар шығару ісін кеңейтуді талап ететін бағыттарды алдын ала айқындау қажеттігі атап өтілді.

 «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жинақталған нақты тәжірибе бар екені атап өтілді. Оған сәйкес, 106 жобалау-сметалық құжаттама бойынша материалдар мен жабдықтарға деген қажеттілік айқындалды. 

Жобаларды жүзеге асыру кезінде тауар өндірушілер тізілімінде бар өнімдерді ескеру, тауарларға қажеттілікті алдын ала жариялау және сатып алу және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, өндірістерді кеңейтуді қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет екендігі атап өтілді.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар