АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін АТЭС саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Білмеймін, [екіжақты кездесу бола ма], бірақ мен кездесуге дайынмын. Егер мүмкіндік болса, кездесер едім», – деді Дональд Трамп журналиске берген жауабында.
Айта кетейік, Владимир Путин, Си Цзиньпин және Дональд Трамп 18–19 қараша күндері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін АТЭС саммиті аясында үшжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.