Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Отшашу деп ойлаған»: Ақтөбедегі кәсіпкердің қазасына қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

«Отшашу деп ойлаған»: Ақтөбедегі кәсіпкердің қазасына қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Ақтөбе қаласында 49 жастағы Айболат Жисов өз үйінде оққа ұшып, көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, марқұм шаһардағы белгілі жанармай құю станциялары желісінің директоры қызметін атқарған. Қанды оқиға 16 қараша күні таңертең қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Оқиға болған аумаққа таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері жұмылдырылып, маңайдағы көшелер толығымен қоршауға алынды.

Қайғылы жағдай болған баспананың маңында тұратын жергілікті тұрғындар таңғы уақытта бірнеше рет қатты дыбыс естігендерін айтады. Алайда қараңғы болғандықтан, көршілердің бірі бұл дыбысты бастапқыда атысқа баламаған:

«Таңғы сағат 07:30-07:40 шамасында үш рет тарсылдаған дыбыс естідім. Бірақ оның атыс екенін түсінбедім. Өйткені әлі қараңғы болатын. Көршілеріміз тағы да отшашу атып жатыр ма деп ойладым. Кейін жұмысқа келгенімде біраз уақыттан соң әпкем хабарласып, көршімізді атып кеткенін жазды», — деді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар