Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сірке қышқылынан ауыр уланған»: СҚО-да 62 жастағы әкімдік қызметкері көз жұмды

«Сірке қышқылынан ауыр уланған»: СҚО-да 62 жастағы әкімдік қызметкері көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 62 жастағы қызметкері улану салдарынан аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 қараша күні тіркелген. Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сүйенсек, аудан әкімдігінде статист болып жұмыс істеген 1964 жылы туған азаматша жұмыс орнынан ауыр химиялық улану белгілерімен медициналық мекемеге шұғыл жеткізілген. Ақ халаттылар науқастың өмірін сақтап қалу үшін екі аптаға жуық уақыт бойы күрескенімен, 15 қарашада әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Сонымен қатар желі қолданушылары арасында бұл оқиғаның аудан әкімдігінде жүргізілуі мүмкін қаржылық тексерістерге қатысы бар деген болжамдар таралуда, алайда аталған ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған. Қазіргі таңда СҚО полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі, яғни «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Ведомство өкілдері тергеу барысына қатысты ресми түсініктеме берді:

«Құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Заң талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді», — делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар