Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі айтыскер ақын Әсия Беркенова өмірден озды (ФОТО)

Қаралы хабар: Белгілі айтыскер ақын Әсия Беркенова өмірден озды (ФОТО)

Қазақ руханияты мен ұлттық төл өнеріне үлес қосқан белгілі айтыскер ақын, сөз өнерінің майталманы Әсия Беркенова 76 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Alash.kz.  

Көрнекті ақын халқымыздың байырғы айтыс өнерінің қайта түлеуіне және ұлттық сөз өнерінің биік белеске көтерілуіне орасан зор еңбек сіңірді. Сахнада өзінің ерекше тапқырлығымен, терең парасатымен және ұлттық мүддені қорғаған өткір жырларымен көзге түскен сөз зергері тыңдарман қауымның жүрегінен айрықша орын алған еді.  

Әсия Әйіпқызы Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Нарынқол елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетін (бұрынғы Қазақ қыздар педагогикалық институты) тәмамдап, жоғары білімді педагог мамандығын алып шықты. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ол 1972–1997 жылдар аралығында Наурызым және Әулиекөл аудандарындағы мектептерде мұғалім болып жұмыс істеді. Кейіннен Қостанай қаласындағы Мемлекеттік тілді жеделдете үйрету орталығында қызмет атқарып, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі «Өнер» студиясына жетекшілік етті. Ал 1980 жылдардан бастап қазақ айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Артына өшпес өнеге мен мол рухани мұра қалдырған аяулы ақынның жарқын бейнесі халқының жадында мәңгі сақталады. Марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ барша өнерсүйер қауымға қайғырып көңіл айтамыз. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар