Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оралдан Дубайға тікелей рейс ашылады – Билет бағасы қанша?

Оралдан Дубайға тікелей рейс ашылады – Билет бағасы қанша?

FlyArystan Оралдан Дубайға тікелей рейстерге билет сатуды бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстанның жетекші лоукостері FlyArystan Орал – Дубай – Орал бағыты бойынша тікелей рейстерге билет сатуды бастады. Алғашқы рейс 2026 жылғы 24 желтоқсанға жоспарланған. Оралдан Дубайға билеттердің бағасы 65 000 теңгеден, ал Дубайдан Оралға 66 000 теңгеден басталады.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер аптасына бір рет, бейсенбі күндері орындалады. Оралдан ұшу уақыты – 06:20, Дубайға келу уақыты – 11:55. Қайтар рейс Дубайдан 13:00-де ұшып, Оралға 20:25-те қонады.

«Әрбір сапардың өз құнына сай болуын қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз. Жолаушылар сапарды неғұрлым ерте жоспарласа, билет бағасы соғұрлым тиімді болады. 65 000 теңгеден басталатын билеттер сапарын алдын ала жоспарлайтын жолаушыларға арналған. Тіркелетін багажды тасымалдау және ұшақ салонындағы орынды таңдау сияқты қосымша қызметтерді тек қажет болған жағдайда қосуға болады. Осылайша, жолаушылар өздеріне қажетті қызметтер үшін ғана ақы төлейді. Ақтаудан кейін Оралдан Дубайға тікелей рейстерді іске қосып, FlyArystan маршруттық желісін дамытуды жалғастырып келеміз», – деді FlyArystan президенті Йохан Эйдхаген.

Дубай зәулім ғимараттарымен, алтын түсті құмды төбелерімен, жағажайларымен, ірі сауда орталықтарымен және түрлі ойын-сауық орындарымен туристерді қызықтырады. Саяхатшылар шөл далада сафариға қатысып, әйгілі Бурдж-Халифа зәулім ғимаратының шолу алаңына көтеріле алады, Болашақ музейін аралап, Пальма Джумейра аралында серуендей алады немесе қаланың көптеген аквапаркінің бірінде уақыт өткізе алады. Қыс мезгілінде қонақтарды әлемнің түрлі елдерінің мәдениетін, асханасы мен дәстүрлерін біріктіретін ауқымды Global Village фестивалі де күтеді.

Орал қаласы Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасымен танысқысы келетін саяхатшылар үшін де қызықты. Қаланың көрікті жерлерінің қатарында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Абайдың әдеби-мемориалдық музейі. Археологияға қызығатындар XIII–XV ғасырларға жататын Жайық қалашығын аралай алады. Бұл тарихи ескерткіш аумағынан ортағасырлық тұрғын үйлердің, қоғамдық моншаның және қорымның қалдықтары табылған.

Билеттер мен тарифтік пакеттерді FlyArystan әуе компаниясының ресми www.flyarystan.com сайтынан, мобильді қосымшасынан және басқа да сату арналары арқылы сатып алуға болады.

FlyArystan жолаушылары қажетті қосымша қызметтерді өздері таңдап, сапарларын жоспарлай алады. Олардың қатарында тіркелетін багажды тасымалдау және ұшақ салонындағы орынды таңдау қызметтері бар. Бұл тәсіл жолаушыларға сапар барысында өздеріне қажет қызметтер үшін ғана ақы төлеуге мүмкіндік береді.

Ұшу кезінде жолаушылар FlyAndFun борттық ойын-сауық жүйесін пайдалана алады. Смартфон арқылы фильмдер, сериалдар, мультфильмдер, подкасттар мен кітаптар қолжетімді. Контентті пайдалану үшін борттағы Wi-Fi желісіне қосылып, арнайы сайтқа өту қажет. Ыңғайлы көру үшін құлаққап алып келуге кеңес береміз.

Еске сала кетейік, бұған дейін FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді қайта бастайтынын хабарлаған болатын. Осылайша, Батыс Қазақстан тұрғындары үшін БАӘ-ге тікелей саяхаттау мүмкіндіктері арта түседі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына БАӘ-ге бару үшін алдын ала виза рәсімдеу қажет емес. Елде болуға рұқсат етілген мерзім – 30 күнге дейін. Сапарды жоспарлау кезінде төлқұжаттың жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы керектігін ескеру қажет.

FlyArystan маршруттық желісін кеңейтуді, саяхаттарды қолжетімді етуді және жолаушыларға жаңа бағыттармен танысу мүмкіндіктерін ұсынуды жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар