Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа белес! Еңбек жолымның жаңа кезеңі…»: Экс-Сенат депутаты жаңа қызметке тағайындалды

«Жаңа белес! Еңбек жолымның жаңа кезеңі…»: Экс-Сенат депутаты жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Сенат депутаты, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Экс-депутат Samruk Signal Systems компаниясында бас директордың стратегиялық даму және коммуникациялар жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті.

«Өмірімдегі жаңа белес!

Еңбек жолымның жаңа кезеңін жеке секторда жалғастырып жатырмын!

Енді Samruk Signal Systems компаниясында бас директордың стратегиялық даму және коммуникациялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын.

Алдағы уақытта компанияның бас директоры Әбілқайыр Олжабаевтың басшылығымен бірге жұмыс істейтін боламыз.

Жаңа орта, жаңа мүмкіндіктер, жаңа мақсаттар!

Алла сәтін салсын!», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар