Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы Үкімет ресми мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы Үкімет ресми мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның құрамына кіретін барлық еншілес компаниялар штаттық режимде өз қызметін жалғастыруда, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл жөнінде Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

Үкімет таратқан ақпаратқа сәйкес, қор тобындағы өндірістік процестер, инвестициялық жобалар мен әлеуметтік бағдарламалар белгіленген кестеге сай іске асырылып жатыр. Инвесторлармен, кредиторлармен және іскерлік серіктестермен өзара іс-қимыл да бұрынғы тәртіппен жүргізілуде. Сонымен қатар барлық инвестициялық келісімдер, кредиттік шарттар, шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер мен өзге де келісімшарттар өз заңды күшін толық сақтап, талаптарға сай орындалады.

Қазіргі уақытта қордың ағымдағы қызметіне басшылық етуді Басқарма мүшелері өз құзыреттері шегінде атқарып отыр. Ал стратегиялық маңызы бар шешімдерді Директорлар кеңесінің төрағасы — Премьер-министр қабылдайды. Үкімет компаниялар тобының тұрақты жұмысы мен қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге басымдық берілетінін атап өтті. Директорлар кеңесі өз жұмысында «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, комплаенс-қызметтердің жұмысын күшейтіп, тәуекелдердің алдын алу тетіктерін одан әрі жетілдіруді көздеп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 12 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевті, сондай-ақ басқа да тұлғаларды ұстағанын ресми түрде растаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар