Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өте маңызды! Мемлекеттік грант шығынның 70%-ын ғана өтейді» – Асхат Аймағамбетов (ФОТО)

«Өте маңызды! Мемлекеттік грант шығынның 70%-ын ғана өтейді» – Асхат Аймағамбетов (ФОТО)

Құрылтай депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов комитеттегі әріптестерімен бірге Назарбаев Зияткерлік мектебіне (NIS) барып, білім ордасының жұмысы мен жетістіктеріне қатысты қоғамдағы түрлі қауесеттерге нақты деректермен жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сапар барысында депутаттар мұғалімдермен пікірлесіп, оқушылардың ғылыми жобаларын тамашалаған, сондай-ақ ұстаздардың жұмысын жеңілдететін ақпараттық жүйелер мен цифрлық шешімдермен танысқан. Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына ерекше қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, ауқымды инвестицияның нақты нәтижесі балалардың білімі мен тәрбиесінен көрінуге тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, PISA-2025 халықаралық зерттеуі мен әлемдік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен NIS мектебінде «Адал азамат» құндылықтарын оқу процесімен ұштастыру, тұлға қалыптастыру, жауапкершілік пен адалдыққа тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыс жолға қойылған.  

Сонымен қатар экс-министр қоғамда жиі айтылатын «NIS түлектерінің басым көпшілігі шетелге кетіп қалады» деген пікірді ресми статистикамен жоққа шығарды:  

«Кездесуде түлектер қауымдастығының басшысы нақты деректер келтірді: 2025-2026 оқу жылындағы түлектердің 70,7%-ы Қазақстанның, ал 28,2%-ы шетелдің жоғары оқу орындарына түскен. Оның үстіне, шетелде білім алғандардың көбі елге оралып, осында еңбек етіп жүр», – деді Асхат Аймағамбетов.  

Депутат мектепті қаржыландыру мәселесіне қатысты да түсініктеме беріп, толық күндік режимде жұмыс істейтін білім ордасының шығындары қалай жабылатынын нақтылады:  

«Басшылықтың мәліметінше, мемлекеттік білім беру гранты бір оқушыны оқыту шығынының шамамен 70%-ын ғана өтейді. Қалған 30%-ы ақылы қызметтер, демеушілік және басқа да көздер есебінен жабылады. Оның үстіне, NIS – толық күндік мектеп», – деп атап өтті ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар