Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте және бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарып, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы, «Қазақ радиолары» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, ал 2021–2023 жылдары «31 арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы шілдеден бастап бүгінгі  уақытқа дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы болып қызмет етіп келді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар