Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1999 жылғы қарақшылық шабуыл»: Полиция 27 жыл бойы Мәскеуде жасырынған күдіктіні ұстады (ВИДЕО)

«1999 жылғы қарақшылық шабуыл»: Полиция 27 жыл бойы Мәскеуде жасырынған күдіктіні ұстады (ВИДЕО)

Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің жедел уәкілдері бірлескен операция барысында 27 жыл бойы жазадан жалтарып жүрген ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұсталған азамат сонау 1999 жылы Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде болған. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы ізін жасырып келген қылмыскер екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы нәтижесінде Ресей астанасында анықталды.

Жалпы ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы 10 ай ішінде елімізде 82 қылмыскерге іздеу жарияланып, жедел іздестіру шараларының арқасында олардың 73-і табылып, ұсталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар