Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жұмыссыздық үшін 346,5 мың теңгеге дейін жәрдемақы»: 2027 жылдан бастап не өзгермек?

«Жұмыссыздық үшін 346,5 мың теңгеге дейін жәрдемақы»: 2027 жылдан бастап не өзгермек?

Қазақстанда 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 346,5 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңа тәртіпке сәйкес, төлем мөлшері азаматтың соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 45 пайызы көлемінде есептеледі. Дегенмен әр адамға тиесілі нақты сома оның бұрынғы табыс деңгейі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты белгіленеді. Сонымен қатар бұған дейін 6 айға дейін тағайындалып келген төлем мерзімі де өзгеріске ұшырады. Енді қаражат азаматтың әлеуметтік аударымдар жасаған уақытына қарай мынадай тәртіппен төленеді:

  • әлеуметтік аударымдар 6–12 ай аралығында жасалса — 1 ай;

  • аударым өтілі 12–24 айды құраса — 2 ай;

  • жүйеге 24 айдан артық қатысқан болса — 3 ай бойы беріледі.

Бұл әлеуметтік төлемді рәсімдеу үшін азамат ең алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, содан кейін ресми түрде жұмыссыз мәртебесін алуы шарт. Тиісті өтінішті онлайн форматта eGov.kz порталы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жолдауға, не болмаса мансап орталықтары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) барып тапсыруға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар