Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күдікті кім?»: Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірген адам туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

«Күдікті кім?»: Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірген адам туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

Ақтөбеде автожанармай құю станциялары (ЖҚС) желісінің 49 жастағы директоры Айболат Жисовты өлтірді деген күдікпен оның көршісі ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Болжамды қылмыскер жәбірленушінің дәл іргесінде тұрған және полицейлер оны оқиғадан кейін екі тәулік өткен соң өз үйінен тапқан.

Атышулы қылмыс дүйсенбі күні Ақтөбе орталығындағы зәулім үйлердің бірінде болған еді. Оқыс оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде бетперде киген белгісіз біреудің үйге баса-көктеп кіріп, кәсіпкерді атып кеткені, бағалы бұйымдарды қолды қылып, марқұмның көлігімен қаладан қашып кеткені туралы түрлі қауесет тарады. Полиция ол уақытта бұл деректерді растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Күдіктіні ізін суытпай ұстау мүмкін болмағандықтан, оның қайда екенін анықтау үшін тергеу жұмыстарына Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының мамандары жұмылдырылды. Нәтижесінде арада екі тәулік өткенде марқұмның үйінен небәрі бірнеше метр жерде тұрып, сол жерде жасырынған күдікті қолға түсті. Қанды қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиев күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді:

 «Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қазақстан азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Әсет Қалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар