Бүгін, 18 қарашада, Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпиннің алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Владимир Путин, Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында бас қосты. Кездесу барысында президенттер қол алысып, қысқаша тілдескен.
Қабылдау Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған.
«Ертеңгі кездесуде өзара ашықтықты арттыру шараларын талқылап, инновациялық өсудің жолдарын қарастырамыз. Түрлі саладағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуге күш саламыз», — деді Си Цзиньпин кіріспе сөзінде.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, саммит аясында Ресей мен АҚШ президенттері кеңінен пікір алмаса алады.
Сондай-ақ үшжақты кездесуде мемлекет басшылары бірқатар маңызды мәселені талқылайды деп күтілуде. Ушаковтың сөзінше, келіссөздердің күн тәртібі әлі түпкілікті бекітілмеген. Сондықтан ірі державалардың өзара ынтымақтастығы мен оның халықаралық жағдайға ықпалына қатысты түрлі мәселе көтерілуі мүмкін. Украина мәселесі де талқыланатын тақырыптардың қатарында болуы ықтимал.