Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Полковниктің кінәсі дәлелденді»: ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына сот айыппұл салды

«Полковниктің кінәсі дәлелденді»: ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына сот айыппұл салды

Бұрын Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін басқарған полиция полковнигі Данияр Мейірхан қол астындағы қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін кінәлі деп танылып, шамамен 6 миллион теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Alash.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралған іс бойынша лауазымды тұлғаға Қылмыстық кодекстің 123-бабы негізінде үкім кесілді. Сот тергеуі барысында полиция полковнигінің 2025 жылдың сәуір мен қараша айлары аралығында дәл жұмыс орнында әріптестерінің бірін «жыныстық сипаттағы әрекеттер жасауға» мәжбүрлегені анықталды. Ал жәбірленуші әйел жұмыстан шығарып жібереді деп қорқып әрі психологиялық қысымға ұшырағандықтан, келісуге мәжбүр болған.

Сотталушының өзі тағылған айыпты сол күйі мойындамағанымен, оның заңсыз әрекеті жәбірленуші мен куәгерлердің берген айғақтары, нотариалды түрде куәландырылған хат алмасулар және арнайы маманның қорытындысы арқылы толық дәлелденді. Қазіргі уақытта сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар