Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өлі денесін қорлап, бөлшектеген»: Мәйіті көлден табылған теміртаулық әйелдің жақындары бар шындықты айтты

«Өлі денесін қорлап, бөлшектеген»: Мәйіті көлден табылған теміртаулық әйелдің жақындары бар шындықты айтты

Теміртауда Ирина Керннің қалай қаза тапқаны туралы сұмдық мәлімет жария болды, деп хабарлайды Alash.kz КТК ақпаратына сүйеніп.

Марқұмның жақындары әйелдің қалай қаза тапқаны туралы жан түршігерлік мәліметті айтып берді. Бірнеше айға созылған іздеу жұмысынан кейін оның бөлшектелген денесі шипажай аумағындағы көлден табылған.

Теміртаудың 38 жастағы тұрғыны 20 қыркүйекте із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Сол кезде қалада және оған жақын аумақта іздеу жүргізілді. Туыстары, еріктілер мен әскери қызметкерлер де жұмылып, айналаны түгел сүзіп шықты. Марқұммен бірге тұрған ер адам да іздеуге белсенді қатысқан. Алайда кейін оның өзі басты күдіктіге айналды. 40 жастағы азамат шипажайда от жағушы болып жұмыс істеген. Әйелдің бөлшектелген дене қалдығы дәл сол жердегі көлден табылды. Қазір ол адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ерлі-зайыптының үш жастағы ортақ баласы бар. Иринаның артында үш бала қалды. Енді оларды марқұмның әпкесі тәрбиелемек. Ол сіңлісін өлтірген адамның заң аясында қатаң жазаға тартылуын қалайды.

Анастасия Духова, марқұмның әпкесі:

— Ол, шамамен, жарты сағат бойы сіңлімді ұрып-соққан. Одан кейін марқұмның денесін қорлап, бөлшектеген. Сосын көлікпен алып кетіп, көлге тастаған. Сөйтіп алып, іздеуге өзі де қатысты. Бірақ сіңілімнің өліміне қатысы барын айтпай, полицейлерді жаңылыстырды. Ирина үйден өз еркімен кетіп қалды деп сендіріп келді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар